Білім және ғылым
Шымкентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Тұңғыш Президент күні қарсаңында арасында «МӘҢГІЛІК ЕЛ, МӘҢГІЛІК МҰРА» тақырыбында іріктеу турнир басталды.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Елбасы Академиясы мен республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Ұлттық дебат турниріне әдістемелік орталық және Оңтүстік Қазақстан Университеті жанындағы «АҚИҚАТ» пікірсайыс орталығының ұйымдастыруымен өткен іріктеу турнирі жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын қамтиды. Оған үш лига бойынша әр ауданнан 16, барлығы 48 команда қатысып бақтарын сынады. Әр ауданның сенімін арқалаған үміткерлердің сайысы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды анықтайды.