Білім және ғылым

Мектепке қосымша 300 орындық корпус пайдалануға берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаныңда «Тоғыс» тұрғын алабында №120 мектебінде қосымша 300 орындық корпус пайдалануға берілді. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.


Мектеп ғимараты заманауи оқу құралдарымен жабдықталған. Химия, биология, физика, STEM, «интеллектум», инклюзияны қолдау кабинеттері бар. Информатикалық білімін жетілдіретін 605 компьютер мен  11 интерактивті тақта орнатылған. Оқушылардың шынығуы үшін 2 спорт зал және денсаулығын қадағалайтын медициналық бекет қаралған.
Қазір мектепте 57 сынып бөлмесінде 2070 оқушы 81 сыныпқа бөлініп білім алады. Одан бөлек, 5 мектеп алды даярлық тобында 106 бүлдіршін екі ауысымда алғашқы сауатын ашуда. 
Оқушылардың қауіпсіздігі де басты талаптың бірі. Оқу ғимаратына кіре берісте турникет, дабыл түймесі қойылған. Орнатылған 38 бейнебақылау   камералары балалардың қауіпсіз болуын қадағалайды.