Bugin
Бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Серік Сәпиев комитетті 2019 жылдың қаңтарынан бастап басқарды, оған дейін 2014-2017 жылдары «PSK Astana Arlans» ЖШС бас директоры болды. Ал, 2013-2014 жылдары Қазақстан бокс федерациясының спорттық директоры қызметін атқарды.