Bugin
Бангладеште нысана көздеуден халықаралық онлайн турнир өтуде.
Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Жарыс барысында кеше Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде салды. Ал оның 1 алтын, 1 күміс жүлдесі құрама сапындағы Шымкенттік спортшылардың еншісінде.
Жерлестеріміз Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша 629,6 ұпай санымен жеңімпаз атанып, Қазақстан рекордын жасады, ал Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде 568 ұпаймен күміс жүлде жеңіп алды.
Сонымен бірге алматылық спортшылар да жүлделі орындардан көрінді.
Халықаралық онлайн турнирге Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің
спортшылары қатысты.