Bugin

Цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының шалғай елді мекенінде орналасқан мәдениет үйлерінде цирк мекемесі мен зообақтың бірлескен іс-шарасы өтеді.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Бірлескен ұжымдық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығы мен Шымкент цирк мекемесінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Іс-шараға келушілер зоосаябақтың қоян, теңіз шошқасы, кірпі, тотықұс, кептер және қырғауыл сынды жануарлары мен құстарын көріп, цирк әртістерінің өнерін тамашалайды. 

Қойылымдардың күні мен уақыты: 
26 қазан күні, сағат 15:00-де «Жаңаталап» мәдениет үйі
27 қазан күні, сағат 15:00-де «Шапырашты» мәдениет үйі
29 қазан күні, сағат 15:00-де «Сайрам мәдениет» үйі

Аталған шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізіледі.