Bugin
10 жасар Әмина Арыстанбек 11-14 қазан аралығында Италияда өткен белгілі Sanremo Junior-2021 халықаралық балалар байқау-фестивалінде екінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Жас вокалист пен скрипкашы 2009 жылы Александр Рыбак «Евровидениеде» орындап жеңімпаз атанған Fairytale композициясын оркестрмен орындады.
Айта кету керек, Sanremo Junior - 2021 байқауына карантиндік шаралар мен елдер арасындағы шекаралар жартылай жабылғанына қарамастан, әлемнің 22 елінен өкілдер келді.
Екінші орыннан басқа, Амина арнайы сыйлыққа ие болды. Бұл сыйлық ұйымның директоры Влад Багинский ұсынған Украина жасөспірімдер Евровидение академиясының халықаралық байқауының финалына қатысуға шақыру. Байқау 2021 жылы 30 қазанда Киевте өтеді.