Bugin

Мәжіліс отырысында бүкіл шенеунік қазақша сөйледі (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар мен министрлердің көпшілігі қойылған сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді. Тіпті өз ойын мемлекеттік тілде жеткізу қиынға соғатын министрлер де қазақша сөйлеуге талпынды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Шенеуніктердің көпшілігі қазақ тілін үйрену курстарына жаппай жазылған көрінеді. Олардың бұл қадамдары Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулинді қуантқаны сөзсіз. Бастысы олар Мәжіліс спикерін ашуландырғысы келмеген сыңайлы. 

Ал бұл видеода депутат Артур Платонов триллиондар туралы қазақша ақпарат берді.