Bugin

Тоқаев көпбалалы аналардың заңсыз әрекетін сынға алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз шеруге қатысқан қазақстандықтарға ескерту жасап, қоғамдық тәртіпті бұзатын азаматтардың әрекетіне құқықтық баға берілетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы көпбалалы аналардың заңсыз шерулері туралы сөз қозғады.

«Ана – отбасының ұйытқысы, ананың орны ерекше. Сондықтан біз қоғамда анаға деген құрметті өте жоғары қоюымыз керек. Бірақ аналар да қоғам алдында өз жауапкершілігін терең сезінгені жөн. Кейбір көпбалалы аналар заңсыз әрекеттерге жол беріп, жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзуда», - деді мемлекет басшысы.

Ол масылдық пен жұмыссыздықтың бүгінгі таңа қоғамдық қана емес, саяси мәселеге айналғанын атап көрсетті.

«Біз бейбіт шерулер өткізу туралы заң қабылдадық. Кім не десе де, бұл еліміздегі демократияны дамытуға арналған маңызды қадам. Ешкім бейбіт жиналыстарға, шерулерге кедергі емес. Бұл заңда бәрі нақты жазылған, тіпті ресми рұқсаттар қажет емес, тек алдын ала мемлекеттік органдарға хабарласа болды. Алайда бұл болмашы талапты еліміздің кейбір азаматтары елемейді. Мемлекет халқының бұл әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін тағы да ескертіп өтемін», - деді Тоқаев.

Президент аталмыш мәселеге байланысты еліміздің бас прокуратурасына тапсырма беріп, құқық қорғау органдарына заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеді.