Денсаулық
Қазақстанда қауіпті медициналық препарат әлі де сатылуда
Эреспал – негізінде демікпе мен тыныс алу жолдарының аурулары кезінде қолданылатын дәрі. Алайда Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының мамандары соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша аталмыш емдік перепарат жүрек жұмысының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін екенін айтады.
«Эреспалдың» қауіптілігі туралы алғаш рет Дәрілік заттар мен денсаулыққа арналған тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық агенттіктің француз мамандары мәлімдеген болатын. Зерттеу нәтижелерін Қазақстандағы «Сервье» фармокомпаниясы жариялады. Айта кетейік бұл компания аталмыш препараттың тіркеу куәлігінің иесі.
Қазіргі уақытта препаратты француз дәріханаларынан алып жатыр. Ресейде де тиісті шараларды жүргізілуде. Алайда Қазақстанда қауіпті медициналық препарат әлі де сатылуда.
Өндіруші компанияның ресми порталы:
– Препаратты дәріханалардан алу мәселесі Денсаулық сақтау министрлігімен талқылану үстінде, – деп хабарлады.