Bugin

Пандемия 2022 жылға дейін жалғасуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустық пандемия 2022 жылға дейін жалғасады деп ескертті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы News Fist сайтына сілтеме жасап.

ДДСҰ бас директорының аға кеңесшісі Брюс Эйлвард коронавирустық пандемия 2022 жылы да жалғасуы мүмкін деп мәлімдеді. Өйткені әлемдегі кейбір кедей елдерде вакцинациалау науқаны әлі де басталмаған. Бұл жағдайды ДДСҰ өкілі дамыған мемлекеттер кедей аймақтарға дәрі-дәрмек пен вакцина беру бағдарламасы бойынша өз міндеттемелерін жете орындамайтындығымен түсіндіреді.

«Біз шынымен тездетпесек бұл жағдайдан шыға алмайтынымызды нақты айта аламын. Жағдай бұдан әрі ушықса не болатынын білесіз бе? Пандемия бір жылға созылады», - деп мәлімдеді Эйлвард.

Маманның айтуы бойынша, қазіргі таңда әлем халқының 40 пайызы вакцина алған болса, ал Африка елдерінде коронавирусқа қарсы вакцинаны халқының 5 пайыздан аз бөлігі ғана қабылдаған.