Экономика
Қаржы министрлігі
Қазақстан республикасының Қаржы министрлігі 400 қызметтік көліктен бас тартқан. Бұл туралы ведомства басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеп отыр.
Ведомства басшысының айтуынша, биыл министрлікке қарасты аудандық мекемелер қызметтік көліктерден бас тартқан.
«Бұл – 400-ден астам автокөлік. Қажетті автокөлік қызметтері бәсекелестік ортадан сатып алынады. Жалпы жоғарыда аталған шара шамамен 3,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдейді. Үнемделген қаражат №304 жарлыққа сәйкес министрлік пен оның комитеттері қызметкерлерінің жақалысын көтеруге жұмсалады», - деді министр.
«2019 жылдың 1 қаңтарынан ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі орталықтандырылды. Министрліктің орталық аппарат, комитеттер, аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің жалақылары мен іссапар шығыстары бір орталықтан есептелінеді және төленеді. Министрлік жүйесінде мемлекеттік орган мәртебесі бар 80 заңды тұлға бар. Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуға көшу жүргізілуде», - деді Ә.Смайылов.