Bugin

Сөмкесінде Президенттің кітабы жоқ студент оқудан шығарылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркіменстандық студенттердің сөмкесінде президенттің жазған кітабы болмаса оқудан шығарылады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 
Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің кітабын студенттер жанынан тастамай алып жүруі керек. Алдағы уақытта сөмкесінен әлгі кітап табылмай қалса, студент оқудан шығарылуы мүмкін.
- Деканаттар студенттердің барлығына президенттің бір кітабын алып жүруді міндеттеп қойды. Бізге тексеру жүретінін ескертті, егер президенттің кітабын алып жүрмесең, оқудан қуыласың – депті тілшіге түсініктеме берген студент.
Түркіменстан президенті Қ.Бердімұхамедов 2007 жылы билікке келді. Сол уақыттан бері ол 60-тан астам кітап жазған.