Bugin

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орал әуежайына қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың есімі берілмек. Бұл шешімді облыстық мәслихат отырысында қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі - Мәнсия) - 1922 жылы Орал облысы Орда ауданында туып, 1943 жылы қазанның 16-ы күні майданда қаза тапты.

1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.