Bugin

Теміртауда қатардағы жауынгер өзіне оқ атты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 21 қазанда түнгі сағат 01.30 кезінде болған. Сарбаз қызмет барысында өзіне бекітілген қарумен басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Сағат 2.20-да сарбаз көз жұмды», - делінген хабарламада.

Аталмыш ақпарат негізінде Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Марқұмның жасы 20-да. Түркістан облысының тумасы.