Bugin

Өзбек журналисі: Орыс тілі керек емес. Не өзбек, не ағылшын тілін қолданыңыздар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 Өзбек журналисі Анора Садықова билік басындағылардың орыс тілінде сөйлеуіне қарсылығын ашық білдірді. Оның ойынша орыс тілін емес, өзбек, қарақалпақ немесе ағылшын тілін қолданған дұрыс, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Rost24.uz сайтына тілтеме жасап.

Бұл мәлімдемені Садықова өзбек тілінің күніне арналған дөңгелек үстел басында айтты.

Дәлірек айтқанда, журналистке шенеуніктердің әлеуметтік желіде орыс тілінде хабарлама тарататыны ұнамайды. Өзбек немесе қарақалпақ тілін қолданса саяси тұрғыда дұрыс болады деп есептейді.

Журналист Өзбекстан билігі Ресей тарапынан айтылып жатқан айыптауларға тіл қатпайтынына, сондай-ақ журналист Ксения Собчактың «өзбек халқы Пушкиннің туындыларын білмейді» деу арқылы халықты надан санағанына наразылығын білдірді.

«Мен Пушкинді білмеймін, ал не бопты?! Білмеймін оны, ұнамайды маған. Бұл менің деңгейімді анықтайтын көрсеткіш емес», - дейді журналист.