Bugin
Қазақстанда тоғыз банк таратылуы мүмкін, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта 9 банк – Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan таратылу сатысында», - делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен қатар агенттік банк қызметін тоқтату кезіндегі негізгі мақсатты атап өтті. Ол – кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру, олармен есеп айырысуды қамтамасыз ету және банктің барлық операциясын аяқтау.