Bugin
Бұл тест өзіңізді тануға мүмкіндік береді. Көшбасшы бола аласыз ба? Қаншалықты жомарт адамсыз?
Осы тест арқылы ішіңізге үңіліп көріңіз. Кез келген қауырсынды таңдап, өзіңіз туралы қызық деректі оқыңыз.
1. Кеңпейіл жан
Сіз өзгелерге көп нәрсе бересіз, үнемі жақсылық жасайсыз. Бірақ оның қайтарымына ештеңе күтпейсіз. «Астындағы атын сойып береді» деп сіз секілді адамды айтады. Жақындарыңыз бен туыстарыңызды ойлап тұрасыз. Ешкіммен араласпайтын, тұйық адамның өзін әңгімеге тартып, ашып жібересіз. Ондайға күш жұмсап та әуре болмайсыз, бәрі өзінен өзі болады. Өзгелерге тез сеніп қаласыз, мұны өз пайдасына жаратып кететін айлакерлер де бар.
2. Жүрегі терең адам
Ішкі әлеміңіздің тұңғиығы жоқтай. Басқалар сізге жуық жүргенді жақсы көреді. Жаныңыз нәзік әрі салқынқанды адамсыз, бұл сирек кездесетін құбылыс. Көмек сұрап келген адамға міндетті түрде қол ұшын созасыз. Алайда бостандығыңызды шектейтін, жаныңызды таптайтын әрекетке жол бермейсіз, ондай адамды да оңдырмайсыз.
3. Шығармашалыққа жаны жақын тұлға
Креатив, идеяға бай, қалыпқа сыймайтын адам деп сізді айтамыз. Айналаңызға тегін идея шашып, ешкімнің ойына келмейтін шешім шығарып жүресіз. Бұл қасиетіңіз жаңа танысқан жанды бірден баурап алады. Сізден шабыт алу үшін жаныңыздан шыққысы келмейді. Алайда өзгелерге сын көзбен қарайсыз. Осыдан келіспеушілік тууы да мүмкін.
4. Көшбасшы
Сіздің лидерлік қасиетіңізді көріп, Наполеонның өзі таңданар еді. Көздеген мақсатыңызға жету – өмірлік ұраныңызға айналған. Өмірде барлығын назарда ұстап, жан-жақты алып жүресіз. Шекаралар сізді қорқыта алмайды, керісінше, оны бұзып-жарып өткенше асық боласыз. Тағдырдың сынын жаңа деңгейге көтерілетін саты деп қабылдайсыз. Көбіне өзгелердің мәселесін шешіп бергіңіз кеп тұрады.
5. Әуесқой
Жиһаз дизайнынан бастап көшбасшылар мектебіне дейін – әр салаға бір қызығасыз. Алдыңғы сабақты аяқтамай жатып, келесі курсқа кірісе бересіз. Жаңа нәрсе үйренуден жаныңыз рахат табады. Онлайн болса да, офлайн болса – таңдап жатпайсыз. Эрудицияңызды дамытып, бәрін білгіңіз кеп тұрады. Алайда осы күйіңізден кейде өзіңіз шаршайсыз. Бәріне тоқтау салып, демалып алғыңыз келеді.