Bugin

Әуежайда ұшақ пен көлік соқтығысты (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әуежайында ұшақ пен көліктің қатысуымен апат орын алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда көліктің ұшақтың қанатының астына түскені көрінеді.
Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі такси жолының қиылысында ұшақ әуежай қызметтерінің бірінің көлігімен соқтығысқанын растады. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Ұшақтың FlyJet.kz тиесілі екендігі туралы ақпаратты әуежай да растады. Ұшақ Бакуден көтеріліп, 22 қазанда сағат 6.43 -те Алматы әуежайына қонды.
Көліктік полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігімен («Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігінің жұмысын бұзу») сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы хабарлады.

- Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 - бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді - деп атап өтті департаментте.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_original)