Bugin

Апатқа ұшыраған ұшақта "Қайрат" клубының футболшылары болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта «Қайрат» клубының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы болған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл рейсте команда Бакуден қайтып келе жатқан. Онда «Қарабахқа» қарсы Лиганың топтық кезеңінің кездесуі өткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі (Әуе көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, таңертең Алматы әуежайында орын алған апат туралы хабарланған болатын. Ұшақ FlyJet.kz. компаниясына тиесілі. Борт Бакуден шығып, Алматы әуежайына 22 қазанда сағат 6.43-те қонған.