Bugin
Елімізде 20 қазанда «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы басталды. Егер касса түбіртек бермесе немесе төлем карта бойынша төлем қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік органға хабар берсеңіз, сізге сыйақы төленеді, - деп жазады Bugin.kz порталы Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ол үшін AppStore және PlayMarket-те ақысыз WIPON CASHBACK мобильді қосымшасын ұялы телефоныңызға жүктеп алып, түбіртек бермеу немесе төлем картасы бойынша төлем қабылдаудан бас тарту деректері туралы хабарлауға болады. Хабарлаған дерегіңіз расталған жағдайда телефон балансына жеке табыс салығынсыз 1000 теңге сыйақы жіберіледі.
Толығырақ мына сілтемедегі ақпараттық видеодан көре аласыз.