Bugin

Жас спортшы Сербиядан жүлделі оралды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сербия қаласында «Дүниежүзілік мектеп ойындары» атты өткен таеквондодан  Ерзат Каналбаев жүлделі ІІІ орын иеленіп қайтты. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жас спортшы  «Спорт шеберіне»
үміткер атанды. 

Ерзат Каналбаев Шымкент қаласындағым № 23 мектеп-лицейінің 9 сыныбында оқиды. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ерзат қалалық, республикалық ойындардың жеңімпазы. 2018 жылғы Шымкентте өткен мектеп-интернат арасындағы таеквондодан республикалык турнирде 3-орын алса, 2019 жыл республикалык Астана ашық турнирінде 1-орын алды. Мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында таеквондодан 49 келі салмақ дәрежесінде І орынды иеленген.