Bugin

Үш мыңдай отбасыға тұрғын үй кілті табысталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында жыл басынан бері мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында 3 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылған. 

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

- Жыл сайын кезекте тұрған азаматтарға пәтерлер белгіленген тәртіппен үлестіріліп келеді. Осы жылдың басынан тұрғын үй кезегінде тұрған 682 отбасы арендалық пәтермен қамтылған болса, жыл соңына дейін осы бағытта 294 отбасыға баспана  беріледі, - деді тұрғын үй  басқармасының басшысы  А.Рысжанов өзінің  әкімге берген 9 айлық есеп қорытындысы кезінде.

«Отбасы банк» арқылы «5-20-25» бағыты бойынша  кредиттік тұрғын үймен 730 азамат қамтылған. Оның ішінде 261 азамат тұрғын үй кезегінде тіркелгендер. Шымкент қаласындағы екінші деңгейлі банктер арқылы жыл басынан бері 1362 азамат несие арқылы рәсімдей отыра баспаналы болды. Жыл соңына дейін  кредиттік тұрғын үймен 4 413 отбасыны қамту жоспарлануда.

 «2-10-20 «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 158 отбасы несие негізінде тұрғын үймен қамтылып, оның ішінде 73 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаты берілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады. 

Табыс көрсеткіші аз тұрғындарды қолдау мақсатында жергілікті бюджет есебінен алдағы жылға 500 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз беру қарастырылған. Қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты бойынша 902 өтінім қабылдана отырып, 311 өтінім – 274 млн.теңгеге мақұлданған.