Bugin

Құтыру ауруынан сақтаныңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құтыру ауруы - жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауру. Бұл ауру адамдарға құтырған жан-жануарлар тістеген кезде, терісінің зақымданған жеріне сілекей жұққанда пайда болуы мүмкін.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды. 

Егерде, иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз оны өлтіруге асықпай ветеринар маманына көрсетуіңіз қажет. Ветеринар маманы жануарды 10 күндік бақылауда ұстай отыра, 3 рет егу тағайындалады. Ал, егер жарақаттаған қандай жануар екені белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда 6 рет егу жұмыстары жүргізіледі.

Құтыру ауруының алдын алу шаралары бойынша, тұрғындардың барлығы құтыруға қарсы екпе алу үшін тұрғылықты жері бойынша травматологиялық пункттерге барып қаралуы  қажет.

Жеке қожалығыңыздағы итті бос жіберіп қараусыз қалдырсаңыз Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 408 бабына сәйкес, айыппұл салынады.