Bugin
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында халықты ел бірлігін нығайтуға шақырды.
Алқалы жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесіне жанжақты қолдау қажет екендігін айтып өтті. Бұл қуантарлық жағдай. Себебі қазіргі таңда отбасылық өмір қиындықтары, саны артып келе жатқан ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер арасында қол жұмсау, нашақорлықтың кең таралуы, интернетке тәуелділік мәселелері белең алып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар Аналар кеңесі атқарар басты міндеттердің бірі.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласында 13 Аналар кеңестері жұмыс жасайды. Оның ішінде: 1-қалалық, 4-аудандық, 8 - этномәдени бірлестіктер жанынан құрылған. Мүшелерінің жалпы саны - 117 адамды құрайды.
Аналар кеңесі мүшелері жұмысының негізгі бағыттары:
Жоғарыда аталған бағыттар бойынша 2021 жылы 80-ге жуық іс -шаралар өткізілді. Ірі жобаларға тоқталатын болсақ, «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы», «Аналар - шаңырақ шуағы», «Қыз - елдің көркі», «Бала тәрбиесі ана бойынан біткеннен басталады», «Бірге күліп шаттанайық!», «Ақ орамал», «Қазақтану» сынды бірқатар тәрбиелік бағыттағы жобалар іске асырылып келеді.
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесінде Президентіміз Аналар кеңесінің жұмысын жандандыруға үлкен сенім артып, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақ жаулықты аналарымыздың өнегесін дәріптеп, ұлттық тәрбиені тиянақты пайдаланатын уақыт жетті. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру бойынша бірқатар жобаларды қолға аламыз.
Себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.
Шымкент қаласы Қазақстан халқы
Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің
төрайымы Б.Көмекбаева.