Bugin

Қазақстан Қырғыз еліне әскери көмек жібермек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімге қол қою туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталған құжат Қазақстанның Қырғызстанға бір реттік әскери мүлікт беруі үшін құқықтық негіз ретінде әзірленді. Келісімді іс жүзінде қолдану Қырғызстан Республикасы Қарулы Күштерінің өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіптерге тойтарыс беру мүмкіндіктерін күшейтуге ықпал етеді.

Толығырақ 2021 жылдың 5 қарашасына дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады.