Bugin

23 қазан күні Қазақстанда және әлемде не болған?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін – 23 қазан. Григориан күнтізбесі бойынша жыл соңына дейін 69 күн қалды. Бұл күні Қазақстанның және әлем халықтарының тарихында не болғанын білесіз бе?

23 қазанда әлемде қандай тарихи оқиғалар болды?

1814 жылы Еуропада алғаш рет пластикалық ота жасалды;

1914 жылы Мәскеуде Щукин театр училищесі ашылды;

1985 жылы Мәскеуде рок-зертхана құрылды;

1990 жылы Горький қаласының атауы  Нижний Новгород болып өзгертілді.

23 қазанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1961 жылы Ермак елді мекенінің атауы Ермак қаласы болып өзгерді (қазіргі Павлодар облысының Ақсу қаласы);

1992 жылы Қазақстанның әскери доктрина және әскери құрылыс Концепциясы қабылданды;

2003 жылы Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды;

2004 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Афинада өткен XXVIII жазғы Олимпиада жүлдегерлерімен кездесіп, мемлекеттік марапаттарды табыс етті.

23 қазанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1920 жылы танымал итальян балалар жазушысы әрі журналист Джанни Родари дүниеге келді;

1932 жылы орыс жазушысы, "ауыл прозасының" ірі өкілдерінің бірі Василий Белов дүниеге келді;

1940 жылы бразилиялық футболшы, шабуылшы Пеле дүниеге келді.

1986 жылы британ актрисасы Эмилия Кларк (фильмдері: "Тақтар ойыны", "Терминатор: Генезис"»).

23 қазанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді?

1929 жылы ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты Серік Мұхамеджанов дүниеге келді;

1950 жылы Қазақстанның ғылым академиясы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Жұлдызбек Абылхожин дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин дүниеге келді.