Bugin

Ағылшын тілі туралы таңғаларлық 13 факт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1. Сіз ағылшын тіліндегі ең ұзын сөзді білесіз бе? Ол сөзде 45 әріп бар және бұл өкпенің ауруын білдіреді. Pneumonoultramicroscopicsilicovolcanoconiosis (Уикипедия бұл сөзді Ұлттық пазл лигасының президенті «өкпе силикозы» деп аталатын ауру атауының синонимі ретінде қолданған деп мәлімдейді).

2. Ағылшын тіліндегі ең қысқа сөйлем үш әріптен тұрады (I am/I do), ал егер I am-ді I´m-ға қысқартса, онда тіпті екі әріптен тұрады.

3. Ал ең қысқа көп мағыналы сөз екі әріптен тұрады. Ол «Go»

4. Ағылшын тіліндегі ең кең таралған әріптер: R, S, T, L, N, E. Ал Q - ең сирек қолданылады. Яғни, сөз арасында өте сирек кездеседі.

5. Ғаламтор желісіндегі ақпараттың 70% ағылшын тілінде жазылған.

6. «Set» сөзі мағынасы ең көп сөз болып табылады: етістік ретінде 44 мағынасы, зат есім ретінде 17 мағынасы, сын есім ретінде 7 мағынасы және т.б. қосымшалар ретінде жиі пайдаланылады.

7. АҚШ-тың Иллинойс штатының заңына сәйкес, мұнда ағылшынша сөйлеуге тыйым салынады. Себебі, штаттың ресми тілі – американ тілі.

8. i әріпінің үстіндегі нүкте «tittle» деп аталады. Мағынасы «тамшы»

9. Ағылшын тілінің ең кәрі сөздері 14 000 жасқа жеткен. Олардың көпшілігінің негізі үндіеуропалық тілдерден бастау алады. Бұл сөздердің қатарына apple (apal), bad (bad), gold (gold) сөздерін жатқыза аламыз.

10. Ағылшын тіліндегі тыныс белгілер XV ғасырда пайда болған.

11. «The sixth sick sheik‘s sixth sheep‘s sick» жаңылтпашы ағылшын тіліндегі ең қиын жаңылтпаш болып саналады. Тіл сындырғыңыз келсе, осы сөзді қайталаңыз.

12. Indivisibility сөзінде I әрпі 6 рет қайталанады. Ал Goddessship сөзінде 3 қана дауысты дыбыс бар. Немесе rhythm сөзі - 1 ғана дауысты дыбысы бар ең ұзын сөйлем. «The quick brown fox jumps over the lazy dog» сөйлемінің ерекшелігі сол, ағылшын әліппесіндегі барлық әріп кездеседі.

13. Сіз жоғарыдағы ақпараттарды оқып, таңғалып отырғанда әлем бойынша 700 миллион адам ағылшын тілін үйреніп жатыр:)