Bugin
Қантты шеттен тыс қолдану ағзамыздың тез қартаюына әсерін тигізеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Вечерняя Москва» басылымына сілтеме жасап.
«Қанттан пайда болатын глюкоза майға айналып, теріге теріс ықпал етеді. Жасушаларда жинақталған майлар қантамырлар арқылы қозғалып, олардың қабырғаларын зақымдап, холестеринге жол ашады. Салдарынан қан айналымы нашарлап, қабыну процестері жүреді. Қантамыр қабырғалары қалыңдап, серпінділік қасиетін жоғалтады, тері қартая бастайды», - дейді медицина ғылымының кандидаты, диетолог-дәрігер Елена Соломатина.
Сонымен қатар дәрігер қанттың шектен тыс мөлшері организмдегі калий, магний және кальций мөлшерін төмендететінін айтып өтті. Соның кесірінен тері ісініп, созылады, жалпы жағдайы нашарлайды, қартаю процесі тез жүреді.