Bugin
Қаскелеңде көліктің терезесіне мінген жігіт жолдың ортасында оқ жаудырды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 17:30 шамасында үйлену тойы кезінде болғаны анықталды.
«Іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер ауаға оқ атқан ер адамды анықтады, ол Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚК 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оқиғаға қатысы бар Mercedes автокөлігі айып тұрағына қойылды.