Bugin
Дүние жүзі пандемияны жеңуі үшін медициналық мүмкіндіктерін қосқанда, барлық құралдары бар. Алайда олар тиісті деңгейде қолданылмайды. Бұл туралы жексенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Берлинде өтіп жатқан Денсаулық сақтау саммитінде Гебрейесус әлем қауымдастығын жылдың соңына дейін барлық елдерде вакциналаумен қамтуды кем дегенде 40%-дан асыруға шақырды. Ол өзіне пандемияның қашан аяқталатыны туралы сұрақтың жиі қойылатынын мәлімдеді.
- Менің жауабым мынадай: Пандемия әлем оны тоқтатуды толық қалап іске кіріскенде кезде ғана аяқталады. Бәрі өз қолымызда - деді ДДСҰ басшысы.
Ол әлем қауымдастығының пандемияны жеңуі үшін барлық қажет құралдардың бар екенін атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық денсаулықты сақтау және медициналық мүмкіндік бар.
- Алайда әлем өз мүмкіндігін тиісті деңгейде қолданған жоқ. Күнделікті 50 мың адам вирустан қайтыс болып жатыр, пандемия аяқталған жоқ. Мұның өзі тек бізге белгілі статистика. Ол ДДСҰ-ның бұрын жариялаған мақсатын атап өтті. Ол – 2021 жылдың соңына дейін әр ел халқын кем дегенде 40% вакциналаумен қамту. Бұл вакцинаны жеткізуді бақылайтын елдер мен компаниялар айтқандарын орындаған жағдайда ғана жүзеге аспақ - деді Гебрейесус.
Ол халқының 40%-ы вакцина салдырған елдерді COVAX халықаралық механизмі мен Африканың вакцина сатып алу жөніндегі мақсатты тобына (AVAT) препараттар жеткізіп отыруға шақырды. Олардың қатарында G20 елдері бар.