Bugin
Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты 15-24 қазан аралығында Италияның Лидо ди Жезоло қаласында өтті. Жарысқа 65 елден 1600-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы алты алтын, бір күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.
Дінмұхаммед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазреддин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшора чемпион атанды.
Күміс жүлдегер - Азамат Өтемісов.
Серікбол Ермеков, Батырхан Қуандықов, Ариза Сманова, Дулат Дүйсенов, Жандос Назарбеков, Шыңғысхан Тілемісов, Берік Халықов, Бибарыс Сауханбек, Әділ Мырзағали, Дидар Төлебаев қола жүлдегер атанды.