Bugin
Украинаның Харьков қаласында «Ойшылдар аллеясы» ашылып, оған үш атақты тұлғаның мүсіні орнатылды. Солардың бірі – қазақтың ұлы ойшылы, ақын-жазушы Абай Құнанбаев. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Абаймен бірге Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен әзірбайжан ағартушысы әрі философы Мырза Фатали Ахундов бейнеленген. Мүсін Украина, Қазақстан және Әзірбайжан арасындағы достық қарым - қатынасты бейнелейді.
Ескерткіштің жалпы биіктігі 4 метрді құрайды. Нысан Харьковтың танымал демалыс аймағының көркем аймағында орналасқан.