Bugin

Түркістанда 22 жастағы жас ана үшемді дүниеге әкелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысындағы №22 перинаталдық орталықта 22 жастағы Гүлмира Мирзаева үшемді дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәрестелердің есімі – Фатима, Зухра және Хадиса. Қазіргі таңда ананың да балалардың да жағдайы жақсы. Перзентханадан шығуға дайындалып жатыр.

Гүлмира - үй шаруасында. Ал жолдасы - жеке кәсіпкер. Олардың отбасында енді 5 бала бар.