Bugin
Елордада коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтар арасында Мальдив аралында демалуға арналған екі адамдық жолдама ойнатылады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұтыс ойынына 25 қазан-25 желтоқсан күндері аралығында екпе салдырған ел тұрғындары қатыса алады.
Әкімдіктің айтуынша, қатысу автоматты түрде жүзеге асырылады. Азаматтарға құжаттарды толтыру және тіркелу қажет емес.