Bugin

Дизайнер: Тесік шұлық – трендте!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дизайнер ұзақ уақыт бойы шұлықтары үнемі жыртылғанын және бір сәтте оны сәнді етуді шешкенін атап өтті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Әдетте жаңадан киген шұлығымның башпай тұсы жыртыла береді. Содан күндердің бір күні «Осыны неге қалыпты жағдайға, сәнге айналдырмасқа?» деген идея туындады.Әйтпесе бір ғана жыртыққа бола, тозып үлгермеген дүниені қоқысқа лақтыруыма тура келетін. Жапонияда да басқа елдердегідей аяғыңдағы шұлық жыртық болса, мәдениетсіздіктің я кедейліктің белгісі саналады. Бір жерге қонаққа барғанда аяқкиіміңді шешесің. Шұлығың жыртық болса, жерге кіріп кете жаздайсың. Өзіммен бірге бірнеше шұлық ала жүретінмін. Сосын бірде шұлығымның бас жағын әдейілеп жырттым да, әдемілеп тігіп қойдым. Сөйтіп, концепция сәнді де мәнді болып шыға келді. Концепцияның трендке айналуына да креативтілігінен гөрі экологиялық тиімділігі ықпал етіп жатқан тәрізді», – дейді дизайнер Фукузава.