Bugin
Ақтаулықтар әлеуметтік желіде жаңа инфрақұрылымдық нысандарды талқылап жатыр. Себебі, туристердің тарту үшін құрылған «Гүл алқабы» әп сәтте қирап қалған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Алқапта пластик қызғалдақтар бар, алайда олардың кейбіреулері құлап, сынған. Бұл қондырғылар бюджетке 15 миллион теңгеден астам шығын әкелді.
Тұрғындардың көңілін қалдырған екінші нысан - 5 578 000 теңгеге салынған әткеншегі бар «Заманауи киіз үй». Өкінішке орай, бұрылыс тізбектері сынған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда аумағы 200 шаршы метрді алып жатқан «Гүл алқабы» салынғанын атап өткен болатынбыз. Аталған, инфрақұрылымдық нысанның құны 15 миллионды құрайды.