Bugin
Енді жүргізуші куәлігін онлайн режимде алуға болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Халық арасында ең танымал қызметтер - көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу. Бұрын әр қызметке шамамен 6 сағат уақыт кететін және оларды корсетуі процестері сенімсіздік туғызатын. Сондықтан 2012 жылы біз 16 облыс орталығында арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын аштық, ал қызмет көрсету уақытын 1,5 сағатқа дейін қысқарттық. 2019 жылы біз оларды ел бойынша 103 Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірден бере бастадық», - деді Сәрсенов.
Маманның айтуынша, бұл бізге қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берді. Сонымен қатар өткен жылы әрбір облыс орталығында мемлекеттік нөмірлерді шығаратын машиналар орнатылды, бұл автокөлік номірлері мен «дубликаттарын» жасауға кететін уақытты 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын елімізде осындай екі машина ғана болғандықтан, номірлерді 20-25 күн күтуге тура келетін.