Bugin

«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық саябағы құрылмақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық саябағы құрылатынын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомства басшысы Ұлттық жоба шеңберінде 4 міндетті қамтитын «Табиғат» бағытына тоқталды.

«Экожүйелердің орнықты дамуы үшін әлемдік тәжірибе бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12%-ды құрауы тиіс. Қазақстанда бүгінгі күні ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесі жалпы аумақтың 9,6%-ын құрайды. Осыған байланысты «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін, «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру болжануда», - деді министр.