Bugin
Түркістан қаласында Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы 80 орындық перзентхананың құрылысы басталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Премьер-министрдің орынбасары, БАӘ президенттік істер жөніндегі министрі, шейх Мансур Бен Заид Әл Нахаян мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін жаңа Ана мен бала орталығының іргетасына капсула салды.
- Біз Түркістан тұрғындары үшін мәртебелі шейх Мансур бен Заид Аль Нахаянның қайырымдылық көмегі болып табылатын маңызды денсаулық сақтау нысандарының бірінің құрылысына капсула салып жатырмыз.
Бұл жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Абу-Даби даму қорының бірлесіп жүзеге асыруы Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан Республикасы арасындағы тығыз тарихи байланыстар мен стратегиялық серіктестікті нығайтудың символы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын нығайтуға қосылған үлес болып табылады. Қазақ халқының және Түркістанның инфрақұрылымдық дамуына - делінген капсуладағы мәтінде.
Жаңа перзентхананың құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ғимараттың жалпы ауданы 8 мың шаршы метрді құрайды, учаскенің ауданы - 33 мың шаршы метр. Заманауи орталық еуропалық үлгі бойынша салынады. Жобаның жалпы құны мен шейх БАӘ-ден бөлген қаражат жарияланған жоқ.