Bugin

Қазақстанның эко-амбассадоры тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Сәнім Зейінғабыл ҚР ресми Эко-Амбассадоры атанды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Елорда.info сайтына сілтеме жасап.

Эко-Амбассадор экологиялық бастамалар мен жобаларды табысты ілгерілетудің маңызды және ажырамас бөлігі.  Табиғат жанашырларына экологиялық жобаларды ілгерілетуге, экологиялық сананы дамытуға, күнделікті өмірде экологиялық қағидаларды ұстану қажеттілігіне ықпал ету ерекше міндеті жүктелген.

«Менің жобам ол мектептегі экологиялық қозғалысты дамыту, танымдылықты арттыру болатын. Сондықтан мен Эко клубтың лидері ретінде өткен жыл бойы онлайн режимде көптеген республикалық және халықаралық іс-шараларды өткіздім. Мәжіліс депутаты, министірліктің өкілдері, бизнес өкілдері, Қазақстандағы экологияны негіздеген өкілдермен жұмыс жасадым. Халықаралық іс-шарадан кейін, министірлік өкілдері жасалған жұмысты ескере отырып, мектептің ұсынысымен мені Қазақстан Республикасынның ресми Эко-Амбассадорлығына ұсынды», - дейді Сәнім Зейінғабыл.

Эко-амбассадордың айтуынша,  адам қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілікті өзіне алып, электр энергиясын, суды үнемдеу, экологиялық тұрғыда таза өнімді қолдану сияқты қарапайым ережелерді сақтай білуі керек.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61