Bugin
Египет 24 қазан күні жаңа астананың атауы, логотипі мен ұрансөзі үшін байқау жариялады. Байқауға қатысуға өтініштер 2021 жылдың соңына дейін ашық, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ahram басылымына сілтеме жасап.
Жаңа астананың құрылысы бес жыл бұрын басталған. Қаланың ауданы 700 шаршы шақырым. Каирдің шығысында орналасқан жаңа астана 6,5 миллион адамды қабылдауға есептелген. Онда министрліктер, парламент, мемлекеттік мекемелер мен тұрғын үйлер орналасады.
Билік бір шарт қойды: ұсынылып отырған тұжырымдама ғылым, инновация, тұрақты даму және заманауи технологиялар арқылы әлеуметтік прогресс идеясын көрсетуі керек.
Мысырлықтар 18 қарашаға дейін www.egbranding.eg сайтына ұсыныстарын жібере алады. Ұсыныстарды сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінен құралған комиссия зерделейді. Елорданың ең үздік есімі үшін байқаудың жеңімпазына (50 мың мысыр фунты) сыйақы уәде етілген.
Жаңа астананың жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Айта кетейік, Египеттің қазіргі астанасы Каир әлемдегі ең үлкен алтыншы мегаполис болып табылады. Каирде 22 миллион адам тұрады.