Bugin

Еңбек инспекторы: ПТР тексеруден өтпеген жұмысшылар ең төменгі жалақы алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов қызметкерлерге екпе егуге қатысты жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Оның айтуынша, екпе алмаған жұмысшылар ПТР тексеруден өтуі керек.

- Коронавируспен ауыратын науқастарды жұмысқа жібермеу туралы тікелей ереже болмаса да, 48-баптың 1-тармағында (Еңбек кодексі) жазылған норма бар, ол заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдар шығаратын актілер негізінде болып табылады, денсаулық туралы кодекске сәйкес - санитарлық дәрігердің бұйрығы міндетті болып табылады.Сондықтан, бүгінгі күні жұмыс берушілер осы бапқа сәйкес жұмысшыларды еңбекақысыз болса да, жұмыстан шеттетуге құқылы, бірақ егер олардың өзара келісімі болса, олар бұл төлемді өз мойнына ала алады. Не жалақының 50%, не ең төменгі жалақы - деді Төлеген Оспанқұлов.