Қазақстандық ару әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Риддерлік Анастасия Севостьянова Будапештте гір көтеруден өткен әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Жарысқа Анастасия Севостьянова 58 келіге дейінгі салмақта өнерпаздар мен ардагерлер арасында екі категория бойынша қатысты. Екі іріктеуде де спортшы жұлқа көтеруде 16 келі салмақты 10 минутта 160 рет көтерді.

Шығыс Қазақстан облысының тумасы үшін мұндай деңгейдегі жарыс бірінші болды.

Бұған дейін спортшы облыс, қала біріншілігінде топ жарып, шілде айында еліміздің күміс жүлдегері атанды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61