Bugin

Коронавирусқа қарсы екпені 3 жастан асқан балаларға сала бастайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайда коронавирусқа қарсы екпені 3 жастан асқан балаларға сала бастайды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қытайдың бес провинциясында жергілікті билік органдары 3-11 жас аралығындағы балаларға вакцина салу керектігін мәлімдеді. Бұл шара Қытайдың кейбір бөлігінде жаңа қатаң шаралар енгізуге байланысты қабыдануда. Экономикасы туризмге тікелей қатысты Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында барлық туристік нысандар КВИ-дің өршуіне байланысты жабылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны ерте жастан еге бастайтын санаулы елдер қатарына енді. Мәселен, Куба 2 жастан бастап вакциналай бастады. АҚШ пен Еуропаның көптеген елдері COVID-19-ға қарсы вакцинаны 12 жастан асқан балаларға салуға рұқсат берді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61