Bugin

Facebook пен Instagram президент сөйлеген видеотрансляцияны өшіріп тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Facebook және Instagram әлеуметтік желілері өз платформаларынан Бразилия президенті Жаир Болсонарудың COVID-19 бен ВИЧ індетіне қарсы вакциналар арасындағы байланыс туралы айтқан видеотрансляциясын алып тастады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Facebook-тің баспасөз қызметі электрондық пошта мәлімдемесінде, трансляцияда айтылған сөздер компанияның COVID-19 вакцина саясатын бұзғаны үшін платформадан жойылғанын растады. Онда Instagram өкілдерінің дәл осындай мәлімдеме жасағаны және контентті әлеуметтік желіден алып тастағаны нақтыланады.

"Біздің саясатымыз COVID-19 вакциналары адамдарды өлтіреді немесе ауыр зиян келтіреді деген жалған мәлімдемелерге жол бермейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, YouTube видеохостингі Болсонарудың арнасын COVID-19-ға қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін уақытша бұғаттады.

"Біз вакциналар ауру жұқтыру қаупін азайтпайды, керісінше басқа жұқпалы аурулардың пайда болуына әкеледі деп мәлімдеп, COVID-19 туралы жалған ақпарат таратып, біздің ережелерімізді бұзғаны үшін Жаир Болсонару арнасынан видеоны алып тастадық", - деді YouTube.