Bugin

Қазақстанда салықтың жаңа түрі пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда салықтың жаңа түрі пайда болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Келесі жылдың қаңтарынан бастап салық заңнамасына енгізілетін негізгі өзгерістердің бірі цифрлық салыққа қатысты – Google-ға салық деп аталатын, шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік беретін салық түрі.

Оны электронды қызметтер, интернет сайттары арқылы тауарлар мен қызметтерді сату кезінде шетелдік компаниялар төлейтін болады. Салық ҚҚС аясында енгізілді, төлем бірдей мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады - 12%.

Келесі жылдан бастап цифрлық майнингпен айналысатындар үшін төлемақы енгізіледі. Тариф 1 теңгеден 1 киловаттқа дейін болады.

Сондай-ақ, 2022 жылдың қаңтарынан бастап салық берешегінің ең жоғары шегі 6 АЕК мөлшерінде айқындалады, одан төмен шоттарға тыйым салу қолданылмайды.