Bugin

Фейк: Қазақстанның сыртқы қарызы азаматтарға несие түрінде рәсімделеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Bugin.kz. Әлеуметтік желілерде Қазақстанның сыртқы қарызы елдің барлық азаматтарының арасында бөлініп, әрбір кәмелетке толған адамға несие түрінде рәсімделетіні туралы хабарлама таралып жатыр. 

Хабарламада қаржы министрі осындай ұсыныс жасап, мемлекет басшысы оны қолдаған делінген. Бұл - жалған ақпарат.

«Бұл ақпарат қазір әлеуметтік желілерде таратылуда, бірақ бұл әзіл ақпарат, сондықтан оған сенбеуіңіз керек. Сондай-ақ, елдің сыртқы қарызын азаматтарға несие түрінде 5% мөлшерлемемен беру туралы ақпарат та қалжың. Демек, еліміздің сыртқы қарызын азаматтар несие түрінде төлейді деген ақпаратқа сенудің қажеті жоқ»- делінген stopfake.kz сайтында.