Bugin

Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіші өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика бар.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қалада тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 87 076 бірлік құрап, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 72 681 бірлікті құрады,өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2% (жеке кәсіпкерлер – 51 306, заңды тұлғалар – 18 156, шаруа қожалықтары – 3 219). Өткен жылмен салыстырғанда төмендегені карантинге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің көбісі жылдың соңына қарай жұмыстарын тоқтатып қойды. Алайда 2021 жылы кәсіпкерлікті қолдауға қаржы көп бөлінуіне байланысты ай сайын өсім байқалады. Жылдың соңына дейін 74,0 мың бірлікке жеткізу жоспарлануда.

Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 168 мың адамды құрап, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,4%-ға артты (2020 ж. – 160,9 мың адам).

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі ағымдағы жылдың 2 тоқсан жағдайы бойынша 645,5 млрд. теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 149,8%-ға артқан (2020 ж. – 402,8 млрд. теңге).

Шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны 423,8 млрд. теңгені құрап, жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 41,6%-ды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрі қарай дамытуды және бекітілген индикаторлардың орындалуын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады.