МӘДЕНИЕТ
21 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрында қазақтың ақиық ақыны жайында сыр шертетін «Мұқағали» фильмі көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған фильмді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірді. Режиссері – Болат Қалымбетов. Кинотуындыда Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары баяндалады.
Басты рөлдерді Асланбек Жанбалаев, Толғанай Бейсембаева, Азиза Рысбаева, Бақытжан Қажымұқан, Раушан Мәжитова, Бауыржан Қаптағай сынды актерлер сомдады. Түсірілім жұмыстары 2019 жылдың маусым айында Өскемен қаласында басталды.
Қалымбетовтың айтуынша, көрермен Мұқағалидың есейген шағымен, Қазақ КСР Жазушылар Одағы отырысында ақынның тағдыры шешілген сәтімен танысады.