Bugin

Танымал вайнерлер жарнамалаған пирамида басшысы ұсталды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталған Mudarabah Capital компаниясының басшысы ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz платфломасы хабарлайды.

1981 жылы туған азамат Б., уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында хабарлады. 

2021 жылдың 27 сәуірінде полицияға бір топ азамат «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларына қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша арызбен жүгінді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет деп болжанатын қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар әр салымшыға ай сайын жарна сомасының 20 пайызын төлеуге міндетті болды.

Осыған орай, бұрын осы қылмысты жасағаны үшін төрт күдікті әшкереленіп, оның үшеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сонымен қатар, «ASTEX.KZ» ЖШС-не 160 салымшыдан екі миллиард теңгеден астам қаражат басқа компания – «Мударабах Капитал» ЖШС арқылы түскені анықталды.

Бұл ретте салымшылардан түскен ақша ағыны «ASTEX.KZ» ЖШС мен «ACD Technology» ЖШС-не аударылған басқа да компаниялар құрылды, деп хабарлады Алматы полициясы басшысының орынбасары.